Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, деп Ақордаға сілтеме жасап хабарлаймыз.
Марат Мұханбетқазыұлы 1960 жылы 8 сәуірде Ақтөбе қаласында туған. 1981 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын, экономист мамандығы бойынша бітірген.
1992 жылдан бастап – Қазақстан Республикасының Президенті және Министрлер Кабинеті Аппаратының ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары; Қазақстан Республикасының Президенті және Министрлер Кабинеті Аппаратының Ақпараттық-талдау орталығының жетекшісі; Қазақстан Республикасының Президенті Аппаратының Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.
1993 жылғы маусымнан бастап – Қазақстан Республикасының Президенті Аппараты басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасының Президенті Аппаратының Ақпараттық-талдау орталығының жетекшісі.
1994 жылғы қазаннан бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік кеңесшісі – Қазақстан Республикасының Президенті Аппаратының Ақпараттық-талдау орталығының жетекшісі.
1995 жылғы қазаннан бастап – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының жетекшісі.
1999 жылғы ақпаннан бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі.
2000 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасы.
2001 жылғы мамырдан бастап – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы.
2001 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы.
2002 жылғы қыркүйектен бастап – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.
2006 жылғы сәуірден бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы.
2007 жылғы қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі.
2009 жылғы қыркүйектен бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы.
2013 жылғы қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.
2014 жылғы ақпаннан бастап – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі.
2017 жылғы қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.
2019 жылғы 1 наурызда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды.
«Құрмет» (2002), І дәрежелі «Барыс» (2007), ІІ дәрежелі «Барыс» (2016) ордендерімен және алты медальмен марапатталған.
Jebeu.kz