Қазақстан экономикасының өсімі 11 айда 4,4% құрады

Уақыты: 2019-12-13 Көрлімі: 1047 Сипаттама

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2019 жылдың қа...

sh-03110-re.jpg

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2019 жылдың қаңтар-қараша айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысы қаралды, деп ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлаймыз.

Экономиканың, банк саласының жай-күйі, республикалық бюджеттің орындалуы, мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамту туралы ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, Ұлттық Банк төрағасы Е. Досаев, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Ә. Смайылов баяндады. 

Қазақстан экономикасы тұрақты өсу қарқынын көрсетіп отыр - 2019 жылдың қаңтар-қараша айларында ЖІӨ өсімі өткен жылдың тиісті кезеңіне 4,4% құрады.  

Құрылыста – 12,1%, саудада – 7,5%, көлік саласында – 5,6%, өңдеу секторында, оның ішінде машинажасауда – 19,2%, автомобиль жасауда – 64%, жеңіл өнеркәсіпте – 16,6%, түсті металдар өндірісінде – 6,8%, кокс және мұнай өңдеу өнімдерінде – 5,3%, металл кенін өндіруде – 15,7%, байланыс қызметтерінде – 4,7%, өнеркәсіпте – 3,6% оң динамика байқалып отыр. Ұлттық қор активтері 4,3%-ға, $60,5 млрд-қа дейін өсті, республикалық бюджетке кірістер – 9595,7 млрд теңге (жоспарға 100,2%), өсу қарқыны 117,6% құрады.

«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев біздің алдымызға экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету міндетін қойды», - деді А. Мамин.

Премьер-Министр салалық министрліктер мен өңірлердің басшыларына көрсеткіштерді жоспарлық мәндеріне шығару бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды. 

Үкімет басшысы а.ж. 11 айының қорытындысы бойынша экономиканың дамуының жоғарғы өсімі байқалып отырған Ақтөбе, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Түркістан облыстарының әкімдіктерінің жұмысына оң баға берді. Артта қалған әкімдіктерге проблемалық көрсеткіштерге қатысты мәселелерді түзету бойынша тиісті шаралар қабылдау қажеттігі атап көрсетілді. 

Бюджет қаражатының игерілмеуіне жол берген әкімдер мен мемлекеттік органдардың басшылары тыңдалды.

«Бюджеттің кіріс бөлігі бойынша биылғы жылдың жоспарын асыра орындау байқалды. Бірақ, бірқатар әкімшілер әлі де бюджет қаражатының игерілмеуіне жол беріп отыр», - деді А. Мамин.

Үкімет басшысы бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне қаржылық жылдың соңына дейін (а.ж. 20 желтоқсанына) бөлінген бюджет қаражатын толық көлемде игеру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. 


Пікір жазу
  • Тоқаев: Жастардың дамуына жағдай жасау – Президент ретіндегі басты міндеттерімнің бірі
    Каспийдің қазақстандық бөлігінде жылына 72,5 тонна мұнай өндіру көзделуде

    Ұқсас тақырыптар