Каспийдің қазақстандық бөлігінде жылына 72,5 тонна мұнай өндіру көзделуде

Уақыты: 2019-12-19 Көрлімі: 541 Сипаттама

Каспий құбыр желісі концорциумының қазақстандық бөлігінде мұнай өндірісін жылына 72,5 т...

8aa66087776a13d4f32b1ef405bedbca.jpg

Каспий құбыр желісі концорциумының қазақстандық бөлігінде мұнай өндірісін жылына 72,5 тоннаға дейін арттыру көзделіп отыр, деп  Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлаймыз.

«Алдағы уақытта Каспий құбыр желісі концорциумының қазақстандық бөлігінде мұнай өндірісін жылына 72,5 тоннаға дейін арттыру жоспарланған. Қазіргі таңда өндіріс қуаттылығының көлемі 67 млн тонна болып тұрғанымен, 54 млн тонна мұнай өндіріледі. Жоба арқылы елдің басты экпорттық бағдарының қуаттылығын арттыру, соның ішінде Теңіздегі мұнай өндірісін жылына 43,5 млн тоннаға жеткізу жоспарланған. Жоба 2024 жылға дейін жүзеге асырылады», - деп хабарлайды министрліктен.

Сонымен қатар, ел ішіндегі көліктік бағдарды жақсарту үшін Кеңқияқ-Атырау мұнай желісінде «реверс» жобасын жүзеге асыру ойластырылған. Осылайша, бұл жоба Қазақстанның батысынан Шымкент пен Павлодар мұнай өңдеу зауыттарына жылына 6 млн тонна мұнай жеткізуге (қазіргі техникалық мүмкіндік 1 млн тонна ғана) мүмкіндік береді.

«Қазіргі таңда Шымкент пен Павлодардағы МӨЗ-дерге өңдеу үшін мұнай өнімдері негізінен Ақтөбе мен Қызылорда облыстарынан ғана жеткізіліп жатыр. Осыған байланысты жоғарыда аталған жобаның стратегиялық маңызы арта түспек. Келешекте жоба екі бірдей МӨЗ-ді толық қуатта жұмыс жүргізуіне жол ашады. Жоба 2020 жылы аяқталады», - деп хабарлайды министрліктен.


Пікір жазу
  • Қазақстан экономикасының өсімі 11 айда 4,4% құрады
    Елімізде 100 мегаватты күн станциялары іске қосылды

    Ұқсас тақырыптар