14 ақпан сағат 16:00-де ҚР Суретшілер одағының Алматыдағы «Ұлар» галереясында "Маэстро Жанатай Шарденов / Батан Шаттық. Ұрпақтар сабақтастығы" атты сурет көрмесінің ашылуы өтеді.
Сурет өнерінде өзіндік қолтаңбасы бар, жас суретші Шаттық Батан шығармаларын қазақ кескіндемесінің ұлы классигі Жанатай Шарденовтың шығармаларымен бірге қояды.
Жаңатай Шарденов (1927-1992) Қазақтың классикаллық суретінің негізін қалаған бір туар суретші, СССР суретшілео одағының смүшесі, 2000-нан астам суреттің авторы. Пейзаж және портрет, комозициялық шығармалармен айналысқан.
Шаттық Батан 1983 жылы 16 маусымда ҚХР Күнес ауданында дүниеге келген. 1998-2011 жылдар аралығында Іле көркемөнер колледжінде «Сурет және кескіндеме» мамандығы бойынша білім алған. 2004-09 жылдары Т. Қ. Жүргенов атындағы Өнер академиясында «Монументальды кескіндеме» мамандығы бойынша оқыған. 2011 жылы Өнер академиясыынң магистрі атанды.
2010-2013 жылдар аралығында Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында, 2013 жылы Астанадағы ҚР Алтын және бағалы металдар мұражайында қызмет атақарды. 2013-14 жылдары Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында қоюшы-суретші болып жұмыс жасады.
Бұдан сырт, әр жылдары халықаралық және қалалық көрмелерге, конференцияларға қатысып, арнайы сертификаттар алды. Қазіргі кезде жеке шығармашылықпен айналысады.
Jebeu.kz