Ми қабілетін арттыру үшін қандай физикалық жаттығу жасаған дұрыс

Уақыты: 2020-02-12 Көрлімі: 790 Сипаттама

Кеңсе жұмысы, компьютер алдында ұзақ отыру, күні кешке телефонмен отыру - мұның бәрі ден...

DyxQi-XUwAIQARN.jpg

Кеңсе жұмысы, компьютер алдында ұзақ отыру, күні кешке телефонмен отыру - мұның бәрі денсаулыққа кері әсерін тигізбей қоймайды. Жүріс-тұрысымыз азайған уақытта өмір салтымызды реттемесек, мидың жұмыс істеу қабілеті де нашарлайды.  

Мұның алдын алу үшін дене шынықтырумен тұрақты түрде айналысу қажет екенін бәріміз білеміз. Бірақ нақты қай жаттығулардың миға тікелей әсер етенін аустралиялық ғалымдар анықтап көрді.

 Мидың нейроикемділігі дегеніміз – мидың физикалық және функционалдық қабілеттілігі. Осы күнге дейін ми адамның бала кездегі іс-әрекеті, ойлауы және жаңа ақпаратты қабылдаған сайын өзгереді деген теория болған. Алайда психологтар бұған қарсы пікір айтуда. Ересектердің де миы қоршаған ортаға байланысты өзгеруі мүмкін. Адамның нейроикемділігі жоғары болған сайын оның жаңа ақпаратты қабылдап, бірнәрсеге үйренуі тез болатыны белгілі. Ал оны қалай жаттықтыру керек екенін Эшли Смит есімді аустралиялық ғалым зерттеп көрді.

Ғалымдар 18-65 жас аралығындағы 128 еркек пен әйелді бақылаған. Дене шынықтырумен тұрақты айналысқан олар бірнеше топқа бөлінген. Әр топ деңгейіне қарай жеңіл әрі ауыр жаттығуларды жасап отырған. Әр жаттығу сайын мидың жұмыс қабілеттілігі тексерістен өткен. 

 Зерттеу нәтижесіне сәйкес, ғалымдар мынадай тұжырымға келді. Мидың нейроикемділігін арттыру үшін екі түрлі жаттығу жасауға болады. Біріншісі, жеңіл әрі қиын жаттығуларды алма-кезек 20 минут жасау. Екіншісі, 25 минут бойы аэробты жаттығумен айланысу. Бұған қарап алыс қашықтыққа жүгіру, велосипед айдау, жүзу және бимен айналысу арқылы мидің қабілетін жоғарлатуға болатынын айтуға болады. 

 Бұл жаттығулар ағазадағы қанның құрамындағы кортизолдың мөлшерін дұрыстауға көмектеседі. Дәл осы гормон мидың қабілетін жоғарылатып, адамның зеректігін, үйрену қабілетін және жаңа ақпаратты қабылдауына жақсы әсер етеді. 
Дереккөз:  Massaget.kz 

Пікір жазу
  • Қазақстанда қандай банкноттар жиі қолдан жасалады
    "Маэстро Жанатай Шарденов / Батан Шаттық. Ұрпақтар сабақтастығы" атты сурет көрмесі өтеді