Мемлекет басшысы Қазақстанның Украинадағы жаңадан тағайындалған елшісі Дархан Қалетаевты қабылдады, деп Ақордаға сілтеме жасап хабарлаймыз.
Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық байланыстарды одан әрі дамыту, сауда-экономикалық қатынастарды жандандыру, IT технология саласындағы ықпалдастықты арттыру мәселелері сөз болды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Қалетаевқа бірқатар нақты тапсырма берді.
Еске салсақ, Дархан Кәлетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшісі қызметіне тағайындалған болатын.