Оңтүстік Кореяда коронавирусты жұқтырғандардың жалпы саны 5766 адамға жетті

Уақыты: 2020-03-05 Көрлімі: 521 Сипаттама

Оңтүстік Корея 438 адамның коронавирус жұқтырғанын хабарлады. Елде ауру жұқтырғандарды...

A28F76E7-28E9-4753-BBC6-2C1E39DDE786.jpeg

Оңтүстік Корея 438 адамның коронавирус жұқтырғанын хабарлады. Елде ауру жұқтырғандардың жалпы саны 5766 адамға жетті. Ауырғандардың басым бөлігі оңтүстік-шығыстағы Тэгу қаласында – вирустың ошағында орналасқан, деп ҚазАқпаратқа  сілтеме жасап хабарлаймыз.

Корея ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметінше, өткен жылдың аяғында Қытайда пайда болған респираторлы вирустан Оңтүстік Кореяда созылмалы ауруы бар 35 адам көз жұмған. 

Науқастардың 60 проценті Тэгудағы Синчхонджи (Shincheonji) діни сектасының бөлімімен байланыста болған. Тэгу қаласы елдегі үлкендігі бойынша төртінші қала, тұрғындар саны – 2,5 млн адам. 

Корея ауруларды бақылау және алдын алу орталығының дерегі бойынша, сәрсенбі күні анықталған 438 жағдайдың 320-сы Тэгуде, 87-сі – көрші Солтүстік Кёнсандо провинциясында тіркелген. 

Сеулде де төрт адамның ауру жұқтырғаны хабарланды. 

Елдің сыртқы істер министрлігі бейсенбі күні 96 мемлекет пен аумақтың кіруге шектеу енгізетінін немесе Оңтүстік Корея тұрғындарына карантин режимін қатаңдататынын мәлім етті, деп хабарлайды Yonhap.


Пікір жазу
  • Мұхтар Жәкішев бостандыққа шығатын болды
    Тоқаев: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовті қабылдады

    Ұқсас тақырыптар