Мұхтар Жәкішев бостандыққа шығатын болды

Уақыты: 2020-03-03 Көрлімі: 805 Сипаттама

Бүгін Семей қалалық сотында өткен тыңдау кезінде Мұхтар Жәкішевтің өтініші қаралды. Су...

88084835_2790659127685567_7190335708081422336_n.jpg

Бүгін Семей қалалық сотында өткен тыңдау кезінде Мұхтар Жәкішевтің өтініші қаралды. Судья оның мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішін қанағаттандырды.

Сот шешімі бойынша, Мұхтар Жәкішев пробациялық бақылауға алынады, жаза мерзімі толық аяқталмайынша Қазақстан аумағынан шығарылмайды.

Сот отырысына Қазақстанның әр түкпірінен қоғам белсенділері мен Мұхтар Жәкішевті қолдаушылар жиналды. Олар сот басталмай тұрып залда Мұхтар Жәкішевке бостандық сұрап, ұрандатты. Сотқа Мұхтар Жәкішев скайп арқылы қатысты.

"Менің Қазақстан азаматы ретіндегі басты өтінішім, маған қатысты Қазақстан Республикасында қабылданған заң қолданылылғаны", - деді Мұхтар Жәкішев.

Колония өкілі видео-конференц-байланыс арқылы сотталушының мінездемесі оң екенін растады (дұрыс тәртібі үшін жеті мәрте мадақталған) және мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға негіз бар деп есептейтінін айтты.

Jebeu.kz




Пікір жазу
  • Елде маска неге тапшы
    Оңтүстік Кореяда коронавирусты жұқтырғандардың жалпы саны 5766 адамға жетті

    Ұқсас тақырыптар