Алматы дәрігерлерінің коронавирус жұқтыру дерегі тексеріледі

Уақыты: 2020-04-15 Көрлімі: 598 Сипаттама

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған Алматы клиникалық о...

2020_04_15_90ec4b8c59b290b146edc484d61851fa_xl.jpg

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған Алматы клиникалық орталық ауруханасының дәрігерлеріне қатысты пікірін әлеуметтік желіде жариялады.

«Алматы клиникалық орталық ауруханасындағы коронавирус жұқтыру жағдайынан соң, менің тапсырмаммен Денсаулық сақтау вице министрі Камалжан Надыров пен Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрхан Садуақасов Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысымен бірге «Көктем» шипажайында карантинде жатқан дәрігерлермен кездеседі. Барлық мәселе заң аясында шешіледі деген сенімдемін»,  деп жазды Елжан Біртанов Facebook парақшасында.

Бұдан соң, министр Алматыдағы медициналық ұйымдардағы коронавирус инфекциясының күшею дерегін зерттеуді тәжірибелі эпидемиолог, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрхан Садуақасовқа жүктегенін атап өтті.



Пікір жазу
  • Қазақстан Қытай елшісіне наразылық білдірді
    Еліміздің барлық аймағында карантин шаралары күшейтілді

    Ұқсас тақырыптар