Еліміздің барлық аймағында карантин шаралары күшейтілді

Уақыты: 2020-04-16 Көрлімі: 444 Сипаттама

Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова...

images.jpg

Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетованың Қазақстанда карантиндік шараларды күшейту туралы қаулысы жарияланды.

Қаулыға сәйкес облыстардың әкімдері халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлерін, медициналық көрсетілімдер бойынша шығатын және кіретін адамдарды, сондай-ақ карантин енгізілген кезеңде стационарларда және карантиндік және провизорлық стационарларда бақылауда болған адамдардың шығуын қоспағанда, облыс орталықтарының, қалалардың, аудандардың, ауылдық елді мекендердің аумағынан шығуға және оған кіруге тыйым салуға міндеттеледі. Сонымен қатар аймақ басшылары апаттық-құтқару, жедел медициналық жәрдем қызметтерінің қолжетімділігін және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді ескере отырып, карантиндік аймаққа кіру/шығу пункттерін айқындауы тиіс. Қала бойынша және аудандар, ауылдық елді мекендер арасында орамдар мен секторларға бөле отырып, блокпосттарды орната отырып, карантиндік аймақта жүріп-тұруды шектеуі керек.

Ішкі істер және Қорғаныс министрліктерінің қызметкерлерін тарта отырып, COVID-19-мен сырқаттанушылық тіркелген ауылды елдімекендерді қоршау керек деп есептейді. Қаулы бойынша әуежайдың, теміржол вокзалының, автовокзалдар мен автостанциялардың қызметі тоқтатылып, қалааралық, ауданаралық автобус қатынастарына, сондай-ақ жеке тасымалдауға тыйым салынуы керек.

Екінші деңгейдегі банктер, «Қазпочта» АҚ бөлімшелерінің, айырбастау пункттерінің қызметін онлайн жұмыс режиміне және «клиенттерге дейін жеткізу» қағидаты бойынша көшіру арқылы тоқтата тұруы тиіс.


Пікір жазу
  • Алматы дәрігерлерінің коронавирус жұқтыру дерегі тексеріледі
    Жаңа өзгерістерге сәйкес 42500 теңге кімдерге берілмейді?

    Ұқсас тақырыптар