Алматы облысында санитарлық постар қойыла ма?

Уақыты: 2020-06-08 Көрлімі: 752 Сипаттама

Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны қайта артып келеді. Соңғы аптада індет...

34efad00949536fd0d25359510a95c19_XL.jpg

Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны қайта артып келеді. Соңғы аптада індетке шалдығу өсімі 4,5 пайызға жеткен, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз. 

«Вирусты жұқтыру өсімі соңғы аптада 4,5 % жетті. Ал карантин талаптарын жеңілдету кезеңінде бұл көрсеткіш 2,5 пайыздан аспаған болатын. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, облыс тұрғындары мен бизнес өкілдері карантиннің негізгі талаптарын орындамайды. Медициналық маска тақпайды, адамдар арасындағы арақашықтық сақталмайды. Жалпы, карантин талаптарын сақтамаған 720 жағдай тіркелді», - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Қазір коронавирустың өсу қарқыны Талдықорған қаласында жоғары. Облыс орталығында алғашқы жағдай елімізде төтенше жағдай режимі алынып тасталғаннан кейін тіркелді. Яғни, 14 мамыр күні полицейдің індетті жұқтырғанын мамандар хабарлады.

Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Нұр Қанатұлының сөзінше, бүгінгі күні шаһарда індетті жұқтырғандар саны 140 адамға жетті. Осы жайтқа байланысты 6 маусым күні Талдықорған бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Құжатқа сәйкес, облыс орталығында карантин режимі жалғасады. Бірақ

, нысандар жабылмайды.

«Ешқандай объектілер жабылмайды. Тек жұмыс істеу уақыттарына өзгеріс енгізілді. Санитарлық постарды да қайта қоймаймыз. Бірақ дезинфекциялау жұмыстары қоғамдық орындарда, халық көп шоғырланатын жерлерде, тұрғын үй кіреберістерінде күнде жүргізіледі. Халықтан медициналық бетперде киіп, ара-қашықтықты сақтауды өтініп сұраймыз», - деді Н. Қанатұлы.

Талдықорғанда жаңадан шыққан қаулыға сәйкес:

- азық-түлік базарлары (ярмарка) сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін;

- автокөлік бөлшектерін, құрылыс материалдарын, тұрмыстық химия заттарын, тұрмыстық техниканы сататын азық-түлік емес дүкендер сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін;

- азық-түлік емес, оның ішінде сауда үйлер, базарлардың жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін;

- тұрмыстық және электрондық техниканы жөндеу бойынша қызметтердің жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін;

- құрылыс дүкендері, жазғы коттедж жабдықтарын сататын дүкендер, оптика (дүкендер), фотосалондар, зоодүкендер, тығыз қатынасты болдырмайтын нысандар сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін;

- сұлулық салондары, шаштараздар (алдын ала жазылу бойынша) клиенттердің бетперде киюін талап ете отырып, сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін;

- қоғамдық тамақтану орындары сағат 10:00-23:00 аралығында жұмыс істейді. Келушілердің жалпы саны 50 адамнан аспауы тиіс және оларды отырғызу талаптары қатаң сақталуы керек.

Дереккөз: "ҚазАқпарат"

Пікір жазу
  • ҚазҰУ түлектерге үлкен перспективалар ашады
    Алматыда эпидемиологиялық жағдай тұрақталды