Ләззат Ақтаева: Адам көп жиналатын орындарға бармаңыздар

Уақыты: 2020-06-19 Көрлімі: 1373 Сипаттама

ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы...

2020061612074070909_2020061611372798869_aktaeva.jpgОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтарға медициналық көмек қалай ұйымдастырылғанын айтты. 

«Коронавирус инфекциясы бойынша күдікпен түсетіндерді орналастыруға арналған инфекциялық және провизорлық төсек орындар қарастырылған. Ал инфекциялық стационарларға коронавирус инфекциясы расталған азаматтар жатқызылады. Қазіргі таңда ол бағытта 35 226 төсек орын бар. Оның 37 пайызы бос емес. 63 пайызы – бос. Инфекциялық стационарларда қазіргі таңда 7 544 инфекциялық төсек орынның 75 пайызында адам жатыр. Ал инфекциялық стационарларда 373 жансақтау төсек орны қарастырылған. Олардың үштен бірінде коронавирусты ауыр көтеріп жатқан азаматтар жатыр. Елде өкпені жасанды желдетудің 3 294 стацинарлық аппараты бар. Өткір мәселе туындаған жағдайда олар инфекциялық стационарлардағы жансақтау бөлімдеріне таратылады», - деді ол. 

Оның айтуынша, коронавирус инфекциясы бойынша күдікпен түсетіндер орналастыратын провизорлық стационарларда 7 236 провизорлық төсек орын бар.

«Құрметті халайық! Карантиндік, эпидемияға қарсы шараларды қатаң сақтауға шақырамыз. Адам көп жиналатын орындарға бармаңыздар. Жақындарыңызды апармаңыздар. ЖРВИ белгілері анықталған жағдайда жедел жәрдемге немесе учаскелік дәрігерге хабарласу керек. Балалар мен созылмалы аурулары бар қарттарға қарайлау керек», - деді Ләззат Ақтаева.

Пікір жазу
  • Соңғы аптада КВИ-дың симптомсыз жағдайлары 65 пайызға артты
    Мәулен Әшімбаев: Сіздің бұл сынақтан да сүрінбей өтетініңізге кәміл сенеміз

    Ұқсас тақырыптар