Бүгін Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні

Уақыты: 2020-07-13 Көрлімі: 997 Сипаттама

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялайтыны ту...

200713003113563e.jpg

 ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялайтыны туралы мәлім еткен болатын. Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12:00-де бүкіл ел бойынша бір минуттық үнсіздік жарияланады.

«Әр қазақ – менің жалғызым» дегендей, Әр азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Бірақ, біздің күресіміз жалғаса береді», - деген Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет отырысында.

 Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың алғашқы оқиғасы осы жылдың 13 наурызында тіркелген.  26 наурызда Қазақстанда коронавирустан болған бірінші адам қайтыс болған. 12 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясын 58 253 адам жұқтырған. 33814 адам жазылып шығып, 375 адам көз жұмған.

Осы орайда, "Жебеу" Республикалық қоғамдық бірлестігі пандемиядан қайтыс болған барша отандастарымыздың жақындарына қайғыра көңіл айтып, марқұмдардың рухына тағзым етеді. Барлық қандастарымыздың, әлем халқының тез арада індетті жеңіп, осы қиын кезеңді артта қалдыруын тілейді. Адам жанына араша болып жатқан дәрігерлер қауымына, жақынына жанашыр болған барлық еріктелерге, қиын сәтте бір-бірін қолдау көрсетген отандастарымызға алғысын білдіреді.

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Қыркүйекте оқушылар онлайн оқи ма, әлде мектепке бара ма?
    Алексей Цой: Олар біздің есімізде мәңгі нағыз батыр болып қалады

    Ұқсас тақырыптар