Алексей Цой: Олар біздің есімізде мәңгі нағыз батыр болып қалады

Уақыты: 2020-07-13 Көрлімі: 549 Сипаттама

Коронавирус пандемиясының құрбандарын ұлттық аза тұту күні Денсаулық сақтау министрі...

2020-06-30-tsoy.jpg

Коронавирус пандемиясының құрбандарын ұлттық аза тұту күні Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осы індеттің салдарынан жақындарынан, туған-туыс, бауырларынан, әріптестерінен айырылған еліміздің барша тұрғындарына көңіл айтты, деп ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлаймыз.

«Осы күндері менің әріптестерім – дәрігерлер мен медицина қызметкерлері өмірден озды, мәңгілікке көз жұмды, олар күтпеген қауіп-қатермен бетпе-бет келді, соңғы демдері қалғанша күресті. Бұл қайғылы жағдай біз үшін орны толмас қаза. Олар өмірінің соңына дейін дәрігерлік борышын жанқиярлықпен атқарды. Біздің есімізде олар мәңгі нағыз батыр болып қалады», -деді А. Цой.

Министр бұл індетті тоқтату үшін оған себепкер болып отырған пандемиямен күресте серпінді және тиімді шаралар қажет екенін атап өтті.

«Осы қауіп-қатерді тоқтату үшін мен және менің әріптестеріміз тәулік бойы жұмысымызды жалғасатырудамыз» –деп мәлімдеді министр.

Үкімет медициналық ұйымдарға және дәріханаларға қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізу бойынша шұғыл шаралар қабылдауда, қосымша төсек орындар ұйымдастырылуда, шетелдік сарапшылармен бірлесіп коронавирусты емдеу әдістері жан-жақты зерделенуде және жетілдірілуде. Ол сондай-ақ қазақстандықтарды қолдан келер көмектері болса осы індетпен күресуде белсенді атсалысуға шақырды және еріктілер мен белсенді азаматтардың маңызды рөлін атап өтті.

«Біз біргеміз, біз панедмиямен жеңіп шығу үшін барлық күш-жігерімізді жұмылдырамыз. Біз бұл қиындықты жұмыла отырып, жеңе алатынымызға сенімдімін.» – деп елімізідің бас дәрігері Алексей Цой сөзін түйіндеді.

Айта кетейік, еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі бүгін коронавирус індетімен күрес жолында бақилық болған барлық дәрігерлердің тізімін жариялады.


Пікір жазу
  • Бүгін Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні
    Назарбаев: Қазақстан бұрын-соңды болмаған күрделі ахуалмен бетпе-бет келіп отыр

    Ұқсас тақырыптар