Алматыда жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.
«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауында айтылғандай халықты жұмыспен қамту және кіші және орта бизнесті қолдау барлық деңгейлердегі әкімдердің қызметінің басты бағыты. Осы орайда «Almaly» жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері бойынша халыққа қызмет көрсету орталығының ашылу бастамасы қолға алынды. Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаевтың тапсырмасымен ашылған «Бақытты Отбасы» орталықтарында «Іскер Ана» бағдарламасы іске асырылуда, бұл бағдарлама халықтың осал топтарына тигізген нақты көмегін дәлелдеген. Осы орталықтың жұмысы барысында өз ісін бастағысы келетін азаматтарға арналған халыққа қызмет көрсету орталықтың қажеттілігі анықталды»,– дейді Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаев.
Сонымен қатар, ол «Almaly» жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері бойынша халыққа қызмет көрсету орталығында жаңадан өз ісін бастаған кәсіпкер «бір терезе» режимінде мемлекеттік қолдау, бизнесті жүргізу бойынша белсенді сұрақтар жөнінде толық консалтингтік көмек ала алады.
«Бұл бастаманы «Qoldau» кәсіпкерлік орталығы, «Атамекен» ҰКП, «Almaty Finance» ЖШС, Азаматтарға арналған үкімет (ХҚКО) қолдады. Іске асырылып жатқан жұмыстың мақсаты тұрғындарды жұмыспен қамту, өз ісін ашу және дамыту мүмкіндіктерін оңатайландыру»,- деді әкім.
Автор Алма Мұқанова