Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингіде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде құс тұмауын жұқтырған адамдар бар-жоғы туралы айтты, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.
«Құс тұмауы адамға жұқпайды, сол себепті елімізде мұндай жағдайлар анықталған жоқ. Бұл ауру құстардан адамдарға мүлдем тарамайды», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
Ол құс тұмауы адамдарға қауіп төндірмейтінін, оған қатысты уайымдаудың қажеті жоқ екенін айтты. Бұл вирус әлемде бұрыннан бері бар және құстан адамға жұғу қаупі жоқ.