Баспана бағасы қымбаттай ма?

Уақыты: 2020-10-19 Көрлімі: 467 Сипаттама

Осы жылы зейнетақы қорындағы жинақты мерзімінен бұрын шешіп алу мүмкіндігі туралы ақп...

20180911123808.jpg

Осы жылы зейнетақы қорындағы жинақты мерзімінен бұрын шешіп алу мүмкіндігі туралы ақпарат қазақстандықтардың көпшілігінің қызығушылығын тудырып қойғаны белгілі. Жылдың соңына дейін қабылданып қалу тиісті жаңа ереже аталған қаражатты білім алуға, медициалық қызметтерге және тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсауға мүмкіндік береді. Бұған қоса зейнетақы заңнамасына енгізілетін жаңашылдық жылжымайтын мүлік нарығындағы сатып алушылық қабілеттің күрт артуына алып келеді деген пікір де бар. Осы жөнінде  ҚазАқпарат дайындаған материалын назарларыңызға ұсынамыз. 

Шешіп алынған зейнетақы жинағын емдеуге немесе білім алуға жұмсау мүмкіндіктерінің болатындығына қарамастан заңды әзірлеушілер бағларламаның негізгі мақсаты қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуы болатындығын да жасырмайды. Сондықтан да зейнетақы есепшотынан шешіп алынған ақшаны бастапқы және қайталама баспана, жер учаскесін сатып алуға, сонымен қатар құрылыс пен жөндеу жұмыстарына жұмсауға мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар қаражатты ипотекалық займды қайта қаржыландыруға не болмаса толық өтеуге де жұмсауға болады.

Тұрғын үй мәселесінің қаншалық өзекті болып отырғандығын көптеген қазақстандықтың «Жылжымайтын мүлік сатып алу үшін жинақтарын барлығы қашан шешім ала ала? Іле-шала баспана бағасы көтеріліп кетпей ме?» деген сынды сауалдарынан-ақ байқалады. Осы орайда жылжымайтын мүлік агенттігінің директоры Айкүн Тәжімбетова баспана нарығындағы сұраныстың артпайтындығын айтып отыр.

«Ең алдымен қазіргі сәтте «жеткіліктілік шегі» бар адамдардың көпшілігі бұл бағдарламаны пайдалана алмайды. Ал оны пайдалануға мүмкіндігі бар адамдардың көпшілігінің жылжымайтын мүліктері бар. Ал оларға жеке басқарушы компаниялар арқылы қаражаттарын тиімді инвестициялау барынша қолайлы болады. Бұған қоса, қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктердің барлығы дерлік заемшілерге талаптарды көтеріп жібергендігін де естен шығармаған жөн. Бастапқы жарнаның болуы ипотекалық займ алудың негізгі критерийі саналмайды. Адамның кредит тарихын бағалауды ешкім алып тастаған жоқ. Ал елімізде әрбір үшінші қазақстандықтың несие тарихы бүлінген. Сол себепті тұрғын үй бағасының көтерілуін күтіп отырған жоқпын. Қалай десек те, Сovid-19 Қазақстандағы бизнеске теріс әсерін тигізді әрі азаматтарды бос қаражат айтарлықтай көп те емес», - дейді Айкүн Тәжімбетова.

Дегенмен, инфляция мен коронавирус белгілі бір кезеңде жылжымайтын мүлік бағасын теңдестіреді де. Елордадағы жылжымайтын мүлік агенттіктері бірінің жетекшісі Жани Тұрысов карантин тұрғын үй бағасына қатты ықпал ете алмайтындығын алға тартады.

«Тұрғын үй бағасының құлдырамайтындығы анық. Егер біз жылдың басында жылдың соңына дейін 5-8 пайыздық болжам жасаған едік. Алайда елорда мен Алматының кейбір тұрғын үй кешендерінде, аудандарында жыл қорытындысында 5,8 пайыздан жоғары болатындығын көріп отырмыз. Осыған орай егер екінші карантин болса, онда да дәл осындай болжам жасай аламыз. Карантин уақытында, шамамен 1 айға баға тоқтағанымен, одан ары өсім қайта жанаданады. Үнемі бағаның төмендеуін күтіп жүретін адамдар бар. Алайда, соңғы уақыттың ішінде бағаның төменге түскен кезеңі болған емес. Теңгеге шаққанда баға үнемі өсіп келе жатыр», - деді Жани Тұрысов.

Жылжымайтын мүлік жөніндегі маман Ольга Качан доллар бағамы өсетін болса, онда біздің сатушыларымыз әдеттегідейі бағаға түзету енгізетіндігін алға тартады.

«Әрине, адамдар жалақыны доллармен емес теңгемен алатындығын түсінетін клиенттер де бар. Егер банктер ипотека беруін тоқтатар болса, онда бағаның төмендеуі ықтимал. Бірақ, әзірше ондай алғышартты байқап отырғанымыз жоқ. Шын мәнінде Қазақстанда баға асыра көтерілген деңгейде қалып тұр», - деді ол.

жарты жылдағы пайыздық көрсеткіштерді алып қарар болсақ, онд бүгінде бір шаршы метрдің құны осы жылдың көктеміндегі деңгеймен бірдей. Осы кезең ішінде жылжымайтын мүлік нарығындағы баға саяси өзгерістерге, девальвацияға, қаржылық индекстердің төмендеуіне, сондай-ақ карантин шараларының қабылдануына байланысты өзгеріске ұшырады.

«Кейінге шегерілген сұраныс карантин алынғаннан кейін жанданған сәтте, сонымен қатар жеке тұрғын үйлерге сұраныстың артуына байланысты меншік иелерінің бір бөлігі бағаны көтеріп жіберді. Дегенмен, қазіргі уақытта нарық теңгерімді жағдайға оралды және күтіп позициясына орнықты. Жылжымайтын мүлік нарығы мәмілелердің санының төмендеуіне айтарлықтай байланысты. Өйткені, Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен нотариустар жұмыс істемейді. Егер онлайн форматтағы жұмыс кезін алып қарар болса, онда да эылжымайтын мүлік нарығындағы мәмілелер саны бәрібір де құлдырайтын болады», - деді жылжылмайтын мүлік нарығының сарапшы-талдаушысы, Қазақстан Риелторларының бірлескен қауымдастығының мүшесі Диляра Сүлейменова.

Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысы биылғы Қазақстан халқына Жолдауында 2021 жылдан бастап қазақстандықтар жеке зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалана алатындығын айтқан болатын. Кейіннен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов шамамен 721 мың Қазақстан азаматы жылжымайтын мүлік сатып алуға зейнетақы жинақтарын пайдалана алатындығын жариялаған еді.

Дереккөз: "ҚазАқпарат"



Пікір жазу
  • ДДҰ: Коронавирус туберкулезден болатын өлімнің өсуіне әкелуі ықтимал
    Болат Өтемұратов қоры Мақтааралдағы 150 отбасына үй сыйлады

    Ұқсас тақырыптар