Құрметті отандастар, қымбатты бауырлар, достар! Келе жатқан Жаңа- Жыл құтты болсын!
2020 жыл қиындығымен, өзіне ылайық қызықшылығымен қатар келді, қандайда бір қиындығына қарамай, көтеріңкі көңіл күйде жақсылықпен ескі жылды шығарып салайық. Үстіміздегі жылы, Бауырымыз күйді, жақынымыз бен жақсы достан айырылдық. Бәріне сабырмен қарап, тәубамыздан жаңылмайық, бұл жағдайларға жыл кінәлі емес. Бұл тек уақыт көрсеткіші ғана. Өткенге салауат айтайық, бүгінімізге қуанып, ертеңімізге үміт артып, келешегімізге сеніммен қарайық. Жаңа - Жыл бəріңізге қуаныш, бақыт, денсаулық, сенім, аппақ қардай мөлдір сезім сыйласын! 2021 жылды жақсылықпен бастап, жыл соңында жақсылықпен жолығуға жазсын! Өзімнің және Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы атынан бəріңізге бүгінгі жəне ертеңгі келер күндеріңізге бақыт, сəттілік тілейміз!
Жаңа жылдан күтеріміз көп, Алла берекесін берсін, бақ қайда барады, ынтымаққа барады деген. Ынтымақты болайық еліміз аман болсын, алыстағы ағайындардың төрт көзі түгел болсын!
Қарлығаш Бекпатшақызы
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі,
ДҚҚ Ақмола облысы және Нұр-Сұлтан қалалық филиалының басшысы