«Қазақ сахнасының ірі тұлғасы» атты көрме өтті

Уақыты: 2021-05-08 Көрлімі: 505 Сипаттама

2021 жылдың 5 мамыр күні М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры мен С.Қожамқұлов аты...

Снимок.JPG

2021 жылдың  5 мамыр күні М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры мен С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театры бірлесіп,  актер, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі Серке Қожамқұловтың туғанына 125 жыл толуына арналған «Қазақ сахнасының ірі тұлғасы» атты көрменің ашылуына орай брифинг өткізді.  Мәдени іс-шара сағат 18.00-де  М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында өтті.

 

Брифингке Алматы қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Д.Абзалиденұлы, М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры директорының орынбасары Ж.Толғанбай, театр директорының кеңесшісі, режиссер Е.Обаев, режиссер Ә.Рахимов, театр музейінің жетекшісі Н.Тамабекқызы, Серке Қожамқұловтың қызы М.Қожамқұлова және С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрының директоры Д.Сәкенұлы қатысты.

Театр  музейі  қорынан арнайы «Қазақ сахнасының ірі тұлғасы» атты  ұйымдастырылған көрменің  лентасын Мәриям Қожамқұлова және  режиссер Әубәкір Рахимов  қиды.

Іс-шара театр репертуарындағы Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек»  музыкалық драмасымен жалғасты.

Дереккөз: М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының баспасөз қызметі




Пікір жазу
  • Мәжіліс жерді шетелдіктерге сатпау туралы құжатқа Сенат енгізген өзгерістемен келісті
    Қазақстан экономикасы өсу жолына түсті – Асқар Мамин

    Ұқсас тақырыптар