Қытайдағы қазақтар орналасқан Шәуешек қаласындағы әр ұлттан құралған бастауыш мектептің оқушылары Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін орындады, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.
Халықаралық балалар құқығын қорғау күніне орай ұйымдастырылған топтық күй басталардан бұрын балалар өз атын-жөндері және қай ұлттың өкілі екенін айтқан.
Шын Шуо, Уан Сы Цун, Тун Линлин, Ян Шини қатарлы балалар өздерінің ханзу(қытай) екенін айтаса, Мина есімді қыз дүңген ұлтының өкілімін деп таныстырады. Ал тағы бір бала өзін орыспын десе, енді бір жасөспірім өзінің қырғыз екенін айтады.
«Біз Шәуешек қаласы 5-бастауыш мектеп оқушыларымыз. Балалар мерекесі құтты болсын!», - деп бастайды күйлерін әр ұлт өкілдерінен құралған күйші жеткіншектер.
Автор Бейсен Сұлтан