Президент АҚШ Конгресінің делегациясын қабылдады

Уақыты: 2022-09-02 Көрлімі: 186 Сипаттама

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының делегациясын қабылдады, деп Ақо...

220902110522a3973889d.jpg

 Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының делегациясын қабылдады, деп  Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлаймыз.

Конгрессмендер Джеймс Панетта және Томас Суоццимен кездесуде қазақ-америка қатынастарын дамыту перспективалары талқыланды. АҚШ Конгресіндегі Қазақстанның достары тобының қызметі аясында парламентаралық байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылды.

Мемлекет басшысы АҚШ конгрессмендерінің сапары парламенттік дипломатияны ілгерілету тұрғысынан маңызды деп атап өтті. Сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына көңілі толатынын жеткізді.

Президент конгрессмендерге елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалар мен Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыты туралы айтып берді.

Өз кезегінде конгрессмендер Мемлекет басшысына кездесу үшін алғыс айтып, Президенттің ауқымды саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асырудағы бастамаларын жоғары бағалады.


Фото: akorda.kz


Пікір жазу
  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады
    Қостанай облысында үйі өртенген тұрғындардың жиһазы мен мүлкін өтеп береміз – Президент

    Ұқсас тақырыптар