Зауытбек Тұрысбеков Ресей мемлекетінің “Достық” орденімен марапатталды

Уақыты: 2022-09-28 Көрлімі: 532 Сипаттама

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Тұрысбеков мырза...

1.JPG

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Тұрысбеков мырза Ресей мемлекетінің “Достық” орденімен марапатталды. 

Айрықша іскерлік және ұйымдасты­рушылық қабілеті зор  Зауытбек Тұрысбе­ков 2009 -2012 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып дипломатиялық қызмет атқарды. Осы жылдары елшілік қызметінде  елдігіміздің еңсесін тіктеп, тәуелсіздігіміздің ны­ғаюы­на ықпал еткен игілікті істерін жалғастырды. Екі елдің арасындағы достық пен ынтымақтастық  орнатты. 

    2009-2012 жылдар аралығында Ресей мемлекетінде елші болған кездерде Зауытбек Қауысбекұлы көптеген игі істер атқарды. Атап айтсақ Астрахан облысында  21 метр биіктікте Бөкейхан кесенесін көтерсе, көп ұзамай артынша қазақ тарихында өзінің көрегендігімен, ұлтын шексіз сүйген хандардың ханы Жәңгірханның  анасына арналған 10метрлік кесене тұрғызылды. Бұл еңбегі ұлылардың рухына тағзым етуі болса керек.

3.JPG

    Ржев шайқасында ұрыс алаңында көзсіз ерлік көрсетіп, кескілескен соғыс алаңында ерлікпен көз жұмған 100-101-ші атқыштар дивизиясының жауынгерлері 10 мың қазақтардың аты-жөнін Подольскі қаласындағы архивтен тауып, Гранит тасқа аттарын қашап жазып ескерткіш орнатты. Бұл 2015 жылға дейін құпия сақталған, деректер еді. Күрестің де, қарсылықтың да түрі көп, елді дүрліктірмей, үн-түнсіз шешілген түйін болды. Рухтары шат болсын шейт болған сарбаздардың.

    Атымтай жомарт азаматтардың демеушілігімен Мәскеу қаласында бір мектепке Бауыржан Момышұлы атын беріп, күрделі жөндеуден өтті.  

      Әлия Молдағұлова атындағы мектеп те күрделі жөндеуден өттті  Екі мектепке бір миллион доллор қаражат жұмсалды. Бұл батырларға көрсеткен құрмет! 

    Москва қаласында 1931-1934 жылдары көрнекті мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұлов тұрған Покров бульварындағы №14 үйде мемориалдық тақта ашылды. 

 Орынбор қаласындағы Алаш ғимратында Ахмет Байтұрсыновтың бастамасымен шығып тұрған “Қазақ” газетіне ескерткіш тақтайша орнатты. Халқын шексіз сүйіп, қалтқысыз қызмет еткен ер еңбегі осылайша жарқырай түсті. 

    Понфиловшылардың құрметіне Москва метросында Алматинское аялдамасын ашты. Бұл аялдама, жандарын осы елді қорғау үшін пида еткен ерлерді еске салады. 

    Осы еңбектерін ескеріп Зауытбек Қауысбекұлының 70 жасқа толуына орай Ресей мемлекеті “Достық”орденімен марапаттады. 

Бүгінгі таңда бір миллион қандасты баспанамен және жұмыспен қамту бағдарламасын  даярлап, оны іске асыру барысында аянбай еңбек етуде. 

      Өзбекстанда елші болған кезінде қазақ халқының ұйтқысы болған, Төле би бабамыздың Ташкенттегі кесенесі күрделі жөндеуден өтсе, Нұратадағы Әйтеке би бабамыздың кешенді кесенесін көтергені ел есінде! 

Құрметті Зауытбек Қауысбекұлы сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық тілейміз. Марапат құтты болсын!

Дүниежүзі қазақтары Қауымдастығының баспасөз қызметі

Пікір жазу
  • Тамара Дүйсенова: Барлық мемлекеттік органдар тарапынан бұл мәселе бақылауда тұр
    Көлік сатып алуға жеңілдік сертификаттары беріле бастады