Көлік сатып алуға жеңілдік сертификаттары беріле бастады

Уақыты: 2022-10-03 Көрлімі: 301 Сипаттама

«Жасыл даму» АҚ отандық автоөндірушілерден агротехника мен көлік құралдарын сатып алу...

220905155954649e.jpg

«Жасыл даму» АҚ отандық автоөндірушілерден агротехника мен көлік құралдарын сатып алуға мүмкіндік беретін жеңілдік сертификаттарын қаржыландыруды бастады, деп  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.

Бұған дейін ӨКМ «Операторы» ЖШС-і берген жеңілдік сертификаттарына төлем жүргізілмегендіктен сертификатты қолдану мүмкін болмаған еді.

Ескі көліктерін ақшалай өтемақыға тапсырған жеке және заңды тұлғалар тиісті төлемдерін алуы үшін «Е-Өтініш» біріңғай платформасы арқылы Қоғамның атына өз өтінішін жолдап, банктік деректемелерін көрсетуі қажет.

Ақшалай өтемақы расталған өтінімдер мен банк деректемелері дұрыс жіберілген өтініштер бойынша төлем жүргізілетін болады. Мерзімі өткен жеңілдік сертификаттарын пайдалану Қазақстан Республикасында экологиялық таза автокөлік құралдарын (электр қозғалтқыштары бар Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде белгіленген экологиялық сыныпқа сәйкес келетін) және олардың компоненттерін, сондай-ақ экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндіруді ынталандыру қағидаларына тиісті

Жеңілдік сертификатын пайдаланып жаңа көлік пен ауылшарушылық техникасын сатып алуға болатын автоөндірушілердің тізімі қазан айында қосымша жарияланатын болады.


Пікір жазу
  • Зауытбек Тұрысбеков Ресей мемлекетінің “Достық” орденімен марапатталды
    Тоқаев: Мемлекетке қайтарылған жерлерді жергілікті шаруаларға әділ бөліп беру қажет

    Ұқсас тақырыптар