Д. Кәлетаев: Украинадағы қазақ диаспорасына барлық қажетті көмек көрсетіледі

Уақыты: 2022-10-20 Көрлімі: 302 Сипаттама

Ураинадағы қазіргі жағдайға байланысты қазақ диаспорасының өкілдеріне барлық қажетті көмекті көрсетуге дайынбыз. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және өкілетті елшісі Дархан Кәлетаев осы елдегі қазақ диаспорасының жетекшісі Данияр...

221020192606751e.jpg

Ураинадағы қазіргі жағдайға байланысты қазақ диаспорасының өкілдеріне барлық қажетті көмекті көрсетуге дайынбыз. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және өкілетті елшісі Дархан Кәлетаев осы елдегі қазақ диаспорасының жетекшісі Данияр Егембердиевпен кездесуде айтты, деп  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.

Кездесуде Данияр Егембердиев Елшіге Украинадағы қазақ диаспорасы мүшелерінің тұрмыс-тіршілігі туралы айтып берген. Сондай-ақ ол қазақ диаспора өкілдері Қазақстанда болып жатқан саяси процестерді белсенді түрде талқылап, оларға қолдау білдіретінін атап өтті.

«Өз кезегінде Елші Украинадағы қазіргі жағдайға байланысты елшілік қазақ диаспорасының өкілдеріне барлық қажетті көмекті көрсетуге дайын екенін айтты», - делінген хабарламада.

Мәлім етілгендей, қазақ диаспора мүшелері аптасына 1 рет тұрақты түрде қарулы қақтығыстардан зардап шеккен қалалардың тұрғындарына қайырымдылық іс-шарасын өткізіп тұрады.


Фото: t.me/KZembassyinUKR


Пікір жазу
  • Президенттің Алматы облысы халқымен кездесуінде не айтылды?
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шарль Мишель саяси диалог қарқынын күшейтуге уағдаласты

    Ұқсас тақырыптар