Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шарль Мишель саяси диалог қарқынын күшейтуге уағдаласты

Уақыты: 2022-10-27 Көрлімі: 278 Сипаттама

Қазақстан Еуропалық кеңес президенті Шарль Мишельдің сапарына айрықша мән береді. Бұл...

221027132646026e.jpg

Қазақстан Еуропалық кеңес президенті Шарль Мишельдің сапарына айрықша мән береді. Бұл туралы бүгін Ақордада Еуропалық кеңестің президенті Шарль Мишельмен келіссөздерден кейінгі баспасөзге арналған мәлімдеме барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.


«Бүгін Еуропалық кеңес президенті Шарль Мишель Қазақстанға алғашқы ресми сапармен келіп отыр. Бұл - біз үшін үлкен мәртебе. Осы ретте менің шақыруымды қабыл алғаны үшін құрметті қонағымызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Келесі жылы Қазақстан мен Еуропалық одақ арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 30 жыл толады. Сондықтан Шарль Мишель мырзаның сапары осы мерейлі меже қарсаңында өтіп отырғаны ерекше қуантады. Біз бұл сапарға айрықша мән береміз», - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Мишельдің Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосып отырған сүбелі үлесін жоғары бағалайтынын айтты.

«Біз екіжақты ықпалдастығымызды жаңа сапалы деңгейге көтеру үшін кең ауқымды әрі мазмұнды келіссөздер жүргіздік. Кездесуіміз өзара сенім және түсіністік рухында өтті.

Біз мазмұнды саяси диалогтың қарқынын одан әрі күшейтеміз деп уағдаластық. Сондай-ақ кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісім аясындағы стратегиялық әріптестігімізді нығайтуға ниетті екенімізді растадық», - деді ҚР Президенті.


Фото: akorda.kz



Пікір жазу
  • Д. Кәлетаев: Украинадағы қазақ диаспорасына барлық қажетті көмек көрсетіледі
    ТОҚАЕВТЫ ҚОЛДАУШЫЛАР ӨТЕ КӨП

    Ұқсас тақырыптар