Араға 13 жыл салып Тәуелсіздіктің бастауы болған Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданған 25 қазан мемлекеттік мерекелер қатарына қосылып, Республика күнін ел бойынша атап өту басталды. Әр ұйым, әр мекеме түрлі іс-шаралар өткізіп, мерекелік көңіл-күйді алдын ала сезінді. Бұл айтулы мереке Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универитетінде де есте қаларылқтай атап өттілді. Оның ішінде Цифрлы Қазақстанды құрушы болашақ IT мамандарын дайындаушы Ақпараттық технологиялар факультетінің оқытушылары мен студенттері де мерекелік шараларға белсенді қатысты.
21 қазан күні Республика күніне орай Ө.А.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында университет ректоры Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың қатысуымен мерекелік концерт өтті. Мерекелік шараға Ақпараттық технологиялар факультеті Ақпараттық жүйелер кафедрасының меңгерушісі, Физика-математика ғылымдарының кандидаты Мүсірәлиева Шынар бастаған бірқатар университет қызметкерлері "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталы.
22 қазан күні Республика күніне орай ҚазҰУ студенттері еліміздің көк туы мен салтанатты шеруге шығып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнын шырқады. Ары қарай ҚазҰУ Спорт клубы мен «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығы ҚазҰУ қалашығында күзгі Спартакиада аясында марафон және карта бойынша КВЕСТ ұйымдастырды. Марафонда "Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері" мамандығының 2- курс студенті Сандибек Дана Талғатқызы III-орын иеленсе, Квест бойынша факультет студенттері жақсы нәтиже көрсетіп, сертификат алды. Ал футбол чемпионатында Ақпараттық технологиялар факультетінің футбол командасы чемпион атанды.
Бұдан басқада факультет эдвайзерлері Республика күніне орай тәрбие сағаттарын өткізді. Осы шаралар арқылы студенттерді Отан сүйгіштікке, елжандылыққа шақырды. Студенттер ең асыл қазынамыз Тәуелсіздіктің қадыр қасиетін түсініп, азат елдің болашағы үшін жақсы білім алуға ерік-жігер алды.
Тұрарбек Әсем
"Ақпараттық жүйелер" кафедрасының
ғылым жөніндегі орынбасары
Ақпараттық жүйелер кафедрасының аға оқытушысы
Құрметқан Тұрдыбек
Суреттер Ақпараттық технологиялар факультеті мен Ақпараттық жүйелер кафедрасының әлеуметтік желідегі парақшаларынан алынды.