Жалпы жол апатын шығармаймын десе шығармауға, аман жүремін десе аман жүруге болады. Ортамызда осындай сабырлы, байыпты, «аман жүремін» деген асқақ рухты азаматтарымыз жоқ емес, бізде солармен мақтанамыз. Ал, бес саусақ тең емес екені де түсінікті. Солай деп жауапсыздықтан, есалаңдықтан жылында қырықтан отыз мың адамдарымызды өлтіре беруге болама?. Сол өлген аламдардың артында қанша мың адам қан жұтып, зар илеп қалып жатыр, біреудің анасы, біреудің жалғызы, қаншасы күйікпен о дүниеге аттанып жатыр ,ойланайқшы…
Алланың ажалына айтарымыз жоқ, оған көнбеске лажыңда жоқ. Дәл тізгіншілердің жауапсыздығынан адамдарды бұлай өлтіре беруге әсте болмайды. Авария шығармайтын, адамдарды өлтірмейтін «әдемі» жол бар екенін Ішкі істер министері тұрған Ерлан Тұрғынбаевқа екі мәрте хат жазып, айтқан едім, баяғы Елбасы айтпаса халыққа құлақ аспайтын басшылар мән бермеді. Енді бұл мәселені халық, қарапайым адамдар өзіміз қадағалайық, жүргізушілерге қатаң бақылау қояайық, қатты жүргізбейік, жол сызығын иректетпейік, қол телефонмен сөйлестірмейік, көнбесе қолындағы телефонын жұлып алайық, ренжісе кім кімге де жан керек, аман жүрейік қарағым! деп айтып отырайық.
Бұл бір, екіншіде барлық жүргізушілер «мен аман жүремін, авария шығармаймын, адам өлтірмеймін», сол үшін ақырын жүремін, абай боламын деген рухты бойына қалыптастырулары керек. Және де Алланы аузына ала отырып, аман жүремін деп ант су ішу керек, сонда ғана дұрыс болады, өйткені адам өмірі ойыншық емес, ендігі жерде бәріміз жауапты болудан өзге жол жоқ. Егер мұндай асқақ рухты қалыптастыра алмаса көлік жүргізуді тоқтатулары керек. Еркөкірек болғаннан не пайда, ондайларды бас басына жіберіп, адамдарымызды өлтірте беру керек пе? Көлік жүргізу ең жауапты іс болғандықтан оларды тағайындауды бизнеске айналдырмау дұрыс.
Тағы бір ойлаңыздаршы аман жүруден артық не бар, аман жүремін деген «асқақ рух» қане адамдарды сақтайды, ал қарала ағаш, жол белгілері, жол бойындағы камераларды да жоққа шығаруға болмайды. Ал мұнымен қоса дәл осындай жемісін беретін, игілікті істердің талай түрін Ішкі істер Министірлігінен жүргізуге болар еді, тізгінші басымен жұмыс жасауға, оларға етінен өткізіп, сүйегіне жеткізе отырып «мен аман жүремін, адам өлтірмеймін» деген асқақ рухты қалыптастыртуға әбден болады. Болғызамын десе болмайтын нәрсе жоқ екені түсінікті. Қауіп, қатер жасамағандарға сый-сыйапат жасауға, мадақтауға, тәжірибелерін бөлісуге, жүргізушілер арасына жүлде жариялап, мол сыйақы беріп тұруға неге болмайды, бәрін адамның жаны үшін жасасақ неге жаман боламыз. Айтқанға көнбейтін, жалғыз жарым тентектерімізді неге жолға қоймаймыз, адам өлтірген адамға ешбір аяаушылық жоқ екенін алдын ала ескертіп қол хатын неге алмаймыз.
«Авария шығартпаймыз, адам өлтіртпейміз» деген асқақ руқ полицияларда нақты қалыптасу керек. Онымен қоса басшыларға жасампаздық, іскерлік ерекше қажет, сонда ғана адам өлтіртіп, обалына қалмайтын боламыз. Осындай қарапайым тәсілдерді неге қолданбаймыз.
Қазақ дәстүрінде алыстан келген жолаушымен амандасқанда «жедел жүріп жеттің бе?» деп сұрайтын жосын жоқ. Керісінше «Аман келдің бе, ат-көлігің аман ба?» дейді. Бұл – желмен жарысқан, қауіп-қатерге амырақ автокөлікпен жүретін заманнан алда қашан бұрын, қатері аз ат, түйемен қатынайтын заманның дәстүрі. Ендеше тұрмысымыз қатерге бейім көлікке байланған заманда Алламызды ұмытып, жүрегімізге шайтан ұялады, көзімізді шел басты. Аман жүріп келгеніміз естен шығып, тез жүріп келгенімізге мақтанатын болдық. Енді осыдан бұлай тез жүріп келгенімізге емес, аман жүріп келгенімізге мақтанайық, әрбір қазақтың басты қағидасы осы болсын!. Бәріміз «аман жүреміз» деген асқақ рухты болайық, ағайындар!. Біз өзімізді өзіміз сақтамасақ, өзге ешкім сақтамайды. Дәл осы мәселе тұрғыда Үкімет адамдары да ойланар, адамдарын аман сақтау қалу үшін игілікті істер жасар, бастама көтерер деп ойлаймын.
ҮЗБЕН ҚҰРМАНБАЙҰЛЫ
Қажымұрат Нәсиұлы (Қоғам қайраткері)
Дереккөз: meirimdiqogam.kz