Президенттікке үміткерлердің сайлау алды бағдарламасында қандай мәселелер көтерілді?

Уақыты: 2022-11-15 Көрлімі: 829 Сипаттама

Осы аптаның соңында 7- кезекті ҚР Президент сайлауы өтеді. Президенттікке кандидат реті...


Снимок.JPG

Осы аптаның соңында 7- кезекті ҚР Президент сайлауы өтеді. Президенттікке кандидат ретінде оннан астам адам тіркелсе, оның алтауы талапқа сай келіп, алдағы додада бағын сынамақшы. Президентке кандидаттың бірі қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев болса қалғандары Ауыл партиясы, ЖСДП сиқты партиялар мен қоғамдық ұйымдар ұсынған кандидаттар.

Әділ де, шынайы бәсекеге толы сайлау өткізетін елдерде президентке үміткелердің өздерінің кім болғанымен қатар, тіпті одан да бұрын басты назар олардың сайлау алды бағдарламалрына түседі. Арысы бір жыл, болмаса бірнеше айлар бойы солардың сайлау алды бағдарламалары талқыланыды. Ал бізде қазірге олардың сайлау алды бағдарламасынан көрі, есімдері, жүріп-тұруы мен сөйлеген сөздері, сайлау алдындағы өздерін көрсеткен әлде бір іс-әрекеттері талқыға түсуде. Ештен кеш жақсы деп, кеште болса осы кандидаттардың сайлау алды бағдарламарына назар аударғанды жөн көрдім.

Қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұраны Қаңтар оқиғасынан бері «Жаңа Қазақстан» болып жүр. Президент және оның командасы елде үлкен өзгерістер болады деп жұртты сендіргісі келеді. Халықтың бұрынғы президентке және оның отбасына, билікте ұзақ отырған топтарға деген қарсылығын тиімді пайдаланып, сайлауда халықтың дауысына ие болғысы келеді.

Президенттің өзі де сайлау алды бағдарламасының басты бағыты Әділетті Қазақстан құру екенін айтты. "Мен ұсынып отырған бағдарлама "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін" деп аталады. Оның әр тармағын өзім жаздым. Бұл бағдарлама менің жүрегімнен шықты деп айтсам, артық болмайды. Біздің бір ғана мақсатымыз бар. Бұл – Әділетті Қазақстанды құру", - деді Қ. Тоқаев.

Осы сөзінде айқандай Қ. Тоқаевтың сайлау алды бағдарламасының мазмұны Әділетті мемлекет, әділетті экономика, әділетті қоғам деген үш бөлімнен тұрады. Барлық салада әділеттік онатып, халықтың билікке деген сенімін қалпына келтіруді мақсат тұратынын айтуда.

Ал «Ауыл» партисының үміткері Жигули Дайрабаевтың бағдарламасы ауылды көркейту, ауыл шауашылығын дамыту жағына бағытталған. Басты бағыттары  Дала демократиясы – әділетті Қазақстан кепілі, Жоғары мәдениет – қоғамды жаңарту негізі, қуатты ауыл, қуатты мемлекет деп аталады.

«Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған Салтанат Тұрсынбаеваның сайлау арлды бағдарламасы әйелдердің қоғамдағы орны мен отбасы құндылықтарын негізге алған. Сондай-ақ құқықтық реформаны, мемлекеттік институттарды демократияландыруды, азаматтық қоғамды дамыту сияқты бағыттары бар.

Осы аптада Салтанат Тұрсынбаева тағы бір әйел үміткер Қарақат Әбденнің сайлау алды бағдарламасы өзінің сайлау алды бағдарламасымен бағыттас екенін хабарлады. Шын мәнінде барлық кандидаттың да иелегені бір терінің пұшпағы болғандықтан, тіпті сайлауға түсіп мақсаты өздері айтқандай президент болу болмаса да  Жаңа Қазақстанды, Әділетті Қазақстанды құрамыз деп сайлау алды бағдарламасын жұрттың арманына сай бейімдейтіні анық. Қарақат Әбденнің де бағдарламасы сол сияқты қазақ халқының бай тарихы мен мәдени мұрасын жаңғырту, көп балалы әйелдерді қолдау, халықтың табысын арттыру бағытында. Әріптесі Салтанатқа қарағанда Қарақат Әбденнің сайлау алды бағдарламасы барынша көптің көңіліне қонатындай көркем сөздерге толы екен. Жоғарқы білімді тегін бермекші.

Қарақат Әбден өзіне келесідей мақсат қойыпты:

- Мемлекет – бұл ұлт. Қазақстан мемлекетін құрушы – қазақ халқының әл-ауқатын арттыру жөніндегі бағдарламаларды іске асыру, ұлттық құндылықтарды өскелең ұрпаққа табыстау.

- Барлық қазақстандық отбасылардың лайықты өмір сүру үшін қолайлы жағдай жасау.

- «Мемлекеттің басты байлығы – адам» ұстанымын қалыптастыру. Басты назарды табиғи ресурстардан адамға түбегейлі аударатын уақыт келді.

- Мемлекеттік саясатты әлеуметтік бағдарланған саясатқа өзгерту.

Осы мақсат орындалса біздің қоғамды құраушы бақытты балалар, Интеллектуалды, рухани және физикалық дамыған жастар, рпақтарына риза аға буынға айналып,  мүмкіндігі шектеулі жандар үшін барлық қажеттіліктер қамтамасыз етіледі екен.

Тағы бір үміткер  Мейрам Қажыкен өзінің сайлауалды бағдарламасын "Игілік түбірі - ынтымақ" деп атады. Негізгі мақсаты – барлығына тең мүмкіндік беру. Әсіресе, жастарға ерекше басымдық беруді көздеген. Қазақ тілін дамыту, мектептерді қарапайым және элиталық деп бөлудің қалыптасқан тәжірибесін жою керек сияқты ұсыныстар айтыпты. Сондай-ақ, Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру шаралары да бар.

Олар:

кедейлікте немесе осындай жағдайға жақын болған адамдар мен отбасыларды әлеуметтік қорғау;

ерекше қажеттіліктері бар адамдарға кәсіптік бағдарлауда көмек көрсету;

егде жастағы адамдарды лайықты өмір сүруге және әртүрлі салаларда белсенді болып қалуға жағдай жасау;

әйелдердің зейнет жасын төмендету;

Ал халыққа лайықты жалақы беріледі.

2019 жылғы президент және соңғы парламент сайлауында байкот жарилаған, оппозициялық партия ретінде танымал ЖСДП партиясының атынан түскен Нұрлан Әуесбаевтың сайлау науқанының ұраны: «Бостандық, Әділдік, Ынтымақтастық», деп аталады. Ол саяси реформалар жасап, сыбайлас жемқорлықпен күресетінін айтыпты. Нұрлан Әуесбаев президент болса Сенатты таратып, оффшорларда ұрланған және жасырылған заттарды елге қайтарды екен.

Барлық үміткердің сайлау алды бағдарламасы халықтың көкейінде жүрген мазмұндарды қамтиды деуге болады. Бір-бірін толықтырып жатқандай. Қайсысы президент болса да Салтанат Тұрсынбекова сияқты өзгелерінің де сайлау алды бағдарламаларына бір мұқият қараған артықтық етпейді. Қайсысы президент болса да деп қоямын. Үміткерлер де халық та кімнің президент болатынын біліп отырған сияқты. Сайлауға дейін кімнің озатыны белгілі жерде озбайтындардың бағдарламасы қаралып-қаралмасы белгісіз. Лайықты қарсылас болмаса да бағдарламаларынан лайықты бірер ауыз ұсыныстар табылар еді.

Құрметқан Тұрдыбек

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Ақпараттық жүйелер кафедрасының аға оқытушысы

 

 

 


Пікір жазу
  • ОСК Президент сайлауының алдын ала нәтижесін жариялады
    Қазақстанда қай ипотека бағдарламасы тиімді?

    Ұқсас тақырыптар