Студенттер Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен еңбектерімен танысты

Уақыты: 2022-12-12 Көрлімі: 338 Сипаттама

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универсиеті Ақпараттық технологиялар факультеті Ақпа...

image.png

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универсиеті Ақпараттық технологиялар факультеті Ақпараттық қауіпсіздік жүйелер мамандығының 4 курс студенттері  02.12.2022ж күні “Ахмет Байтұрсынұлы мұражайын” көруге барды.  

Студенттер Ұлт ұстазының 150 жылдығына орай Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен еңбектерімен танысты. Мұражай қызметкерлері мұражайдағы әр жәдігердің тарихын баяндады. Студенттер қазақтың ұлы ағартушысының өмір жолымен,  ғылыми еңбектерімен, отбасымен тұтынған бұйымдарымен танысты. Ауыр тарихы кезеңде басын бәйгеге тіке отырып, ұлтқа өшпес еңбек қалдырып кеткен ұлт ұстазының ғибаратты өмірінен тәлім өнеге алып қайтты. 

Снимок.JPG

Ахмет Байтұрсынұлы мұражайы Байтұрсынұлының өмірінің соңғы жылдарындағы тұрған үйі. Мұражай биыл 150 жылдыққа орай қайта жөндеуден өтіп, 16 қарашада мемлекет басшысының қатысуымен жаңа бейнеде ашылды.

Құрметқан Т.

Ақпараттық жүйелер кафедрасының аға оқытушысы

Пікір жазу
  • Бизнес мемлекеттің сенімді серіктесі болып отыр: Президент кәсіпкерлерге алғыс айтты
    Қазақстанда баспана бағасы тағы қымбаттауы мүмкін

    Ұқсас тақырыптар