АШСЫҢ БА, ТОҚСЫҢ БА ҚҰДАЙЫҢДЫ ҰМЫТПА!

Уақыты: 2023-02-10 Көрлімі: 341 Сипаттама

Қазақта қиын сәттерде батыр болмасаң да батыл бол-деген асыл сөз бар. Өкінішке орай ұлты үшін рухты, заман талабына сай өзгерген “батыл” кадр маманды халық көре алмай жүргендіктен келеңсіздіктер жойылып азаяр емес. Өйткені,қолында билігі бар басшылар арас...

Qurmetbek.JPG

Қазақта қиын сәттерде батыр болмасаң да батыл бол-деген асыл сөз бар. Өкінішке орай ұлты үшін рухты, заман талабына сай өзгерген “батыл” кадр маманды халық көре алмай жүргендіктен келеңсіздіктер жойылып азаяр емес. Өйткені,қолында билігі бар басшылар арасында қандайда бір мәселеге қорқыныш үреймен қарап немесе өзінен жоғарғы лауазымды тұлғаның мансабына бас ұру, қорғаштау деген індетті қалыптастырған ескілік жүйеден арыла алмағанның кесірі деуден басқа не дерсіз…

Кеісірінен мәселені өзі шешуге батылы жетпейді. Не облыс әкімі, министр, үкімет басшысы тіптен президентке халықтың атынан хат жолдап ұсыныстар жеткізуге құлқынсыз. Халқым деп айтарда бәрі мықты. Жанашырлық ниетте жан пида дейтіні жоқтың қасы…

Қазақ қоғамының кемшілігінің бірегейі осы. Сол себепті күрмеуі көп күрделі мәселелер қатары көбейіп наразылық оты туындай бастайды да арты дау дамайға ұласып кетеді. Міне президенттің жаңа кадр саясаты осындайдан болып орындалмай қала береді..

Бұл мәселені айтуыма бір себеп:

Stan.kz ақпарат агенттігі 2023 ж 25 қаңтарда«Байтерек» холдинг БЖЗҚ-дан 500 миллиард теңге зейнетақы жинақтарын алады - екен деп жазады.

Kazinform.kz 27.12.2022 жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Дүйсенованың  Қазақстанда 2,2 млн зейнеткер бар деп айтқанын жазады. Еңбек министрлігінің 2022 жылы шілде айындағы мәліметі бойынша республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 243,3 млрд теңге бөлініпті. 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша инвестициялық басқарудағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 140 триллион теңге екен.

Жас Алаш.кз сайтының 2022 ж 10 қазандағы мәліметінде: Зейнетақы қорындағы 704 млрд тг шетелдік банктерге салынған.

Қалай десекте Қазақстанның зейнетақы қорындағы қаншама триллиондаған ақша қаражаты 2,2 миллион зейнеткерлердің зейнет ақысынның ең төменгі мөлшерін 250 мың теңгеден түсірмей тоқтатуға еркін жетеді екен. Жағарғы шегін еңбек өтілі мен БЖЗҚ-на жинақтаған қаражат сомасына қарай тағайындайтын заң жазып қабылдатуға халқына деген ниеттері болмауы дерсіз.. Шынтуайтында, зейнетақы қоры халықтың қалтасынан шыққан қаражат, өздерінің еңбек ақысы, ай сайын төлеп отырған ақшасы. Салық төлемдері де баршылық.

Ал қазіргі кезде  61-ге толмаған әйелдер, 63-ке толмаған ерлер ай сайынғы айлық жалақысынан міндетті түрде қорға үсті-үстіне миллиардтап ақша құйып отыр.

Ендеше зейнеткерлердің өздері жинап берген қаражатын Үкімет не үшін миллиардтап шетелге жібереді, не себепті «Байтерек» холдингі сияқты бай ұйымдарды қаржыландыруға береді. Байтерек холдингінің құрамында онсыз да еншілес 7 ұйым бар. Ол негізінен екінші деңгейдегі Банкі “Қазына Капитал”, “Аграрлық несие корпорациясы”. Олар неге халықтың зейнетақы қорындағы ақшаны алып қайтып халыққа 20-30 пайызбен қарызға беріп өз қалталарын қалыңдатулары керек. Не үшін халық өздерінің ақшасын-өздері жоғарғы пайыз несие ретінде алып үсті-үстіне қарызға батулары керек. Әлі де бұлда қаржы пирамидасы ма?!

Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы 15 желтоқсанда Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысып: «Келесі жылы біз орталықта және жергілікті жерде ауқымды кадр өзгерістерін жасаймыз.

Бастықтардың үнемі бүйрегі бұрылып тұратын адамдарымен қоштасуына тура келеді.

Қазақстанға тиімді жұмыс істейтін технократтар қажет. Әр

министр, әкімдердің жұмыстары статистикамен, есеп-қисаппен емес, нақты нәтижемен өлшене - тін болады»,- деп қадап тұрып айтқандары бос сөз болып қала бере ме?!  Жоқ әліде:

Өмір ғой, өмір амал жоқ,

Жүрміз-ау жақсы, жаман боп.

Қолыңнан тартар адамнан,

Аяқтан тартар адам көп. - деп ақындар жырлағандай үнсіз жүре беруіміз керек пе!

Жоқ әліде:  18 жасқа толмаған 6,5 миллион балалар, 30 жасқа дейінгі халық санының 60 % нан асатын жастар, ата-аналарының алып отырған зейнетақысынан қандай қорытынды шығарып ел ертеңіне сенім артады?! Жауабы өте күрделі деп білеміз. Үкіметтің мардымсыз жәрдемақыларымен зейнетақылары өркениетті елдер зейнеткерлері сияқты өмір сүре алмағандарын көріп өскендіктен жастар жасқаншақ ез болмай, еңселі, білімді рухты азаматтар болып өздері билікке жеткенде замандарының жайсаң маман кадрлары болсын деп тілейік!!!

Бүгінгі таңда халық аш болмаса да әупірімдеп қымбатшылықтың зардабын көріп күндері өтуде…

Бай манаптар өздерінің жеке басы, иеленген жер үлестері мен қаржы қорын қорғап айтқанын екі етпей орындайтын кадрлар, депутаттарды жинақтаумен әуре сарсанға түсуде…

Қай-қайсын да жаратқан иеміз қалай жарылқап,өзіне-ұрпағына қандай игілік көрсететінін бір өзі білері хақ. Соны ықылым заман-нан білген ата бабаларымыз:”Аш бола тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала аш қалам деп ойламай-ды”,- деп бекер айтпаса керек!

Ойлан-Қазақ! Құдайды ұмытпа!

Құрметбек Сансызбайұлы,

Жетісу облысы, 08.02.2023 ж.


Пікір жазу
  • Қазақстан мен Қытайдың сауда статистикасындағы айырмашылықтың себебі не?
    «BAQYLA» қозғалысы 25 қалада 3 мыңға жуық учаскені бақылайды

    Ұқсас тақырыптар