Балқаш көлін сақтау үшін Қазақстан Қытаймен келіссөз жүргізуде
Екі ел трансшекаралық өзендердің суын бөлу мәселесі бойынша үкіметаралық келісім жобасын әзірлеп жатыр. Мақсат Балқаш көлі деңгейін сақтау үшін судың келіп тұруын қамтамасыз ету.
«Министрлік Балқаш көлін қажетті су көлемімен қамтамасыз етуге үлкен көңіл бөледі. Жыл басынан көлге 12 млрд текше метрден астам су жіберілді», - деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.
“AB Silk Way” телеграмм каналынан алынды.