Қытай мен Қазақ арасындағы сауда 31,5 млрд долларға жетті

Уақыты: 2024-08-19 Көрлімі: 234 Сипаттама

Қытай мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 31,5 млрд долларға жетті Үкімет басшыс...

    Қытай мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 31,5 млрд долларға жетті


   Үкімет басшысы көлік-логистика әлеуетін одан әрі дамытуды және өсіп келе жатқан жүк ағынын қанағаттандыру үшін инфрақұрылым қуатын арттыруды бақылауда ұстауды тапсырды. Өткен жылы Қытай мен Қазақстан арасындағы екіжақты тауар айналымы 30%-ға артып, $31,5 млрд-қа жетті. Кедендік рәсімдерді жеңілдету Қазақстанның өңірдегі негізгі транзиттік көлік дәлізі ретіндегі позициясын одан әрі нығайтуға серпін береді, дейді Үкімет басшысы.



   Бізде Қазақстанды Еуразияның негізгі транзиттік хабтарының біріне айналдыруға барлық жағдай жасалған. Біз Қазақстанның теңізге шыға алмайтынын жиі айтамыз, алайда Қытай біз үшін мұхит іспеттес. Осы бағытта күш-жігерімізді біріктіріп, тұтас транзиттік қозғалысты қамтамасыз етуіміз керек. Біз транзиттік дәлізді өте белсенді дамытып жатырмыз: Әзербайжан, Грузиядағы әріптестерімізбен келісімдер бар. Әрі қарай да жұмыс істейміз. «Достық – Мойынты» теміржол қатынасын кеңейту дамуға жаңа серпін береді. Біз бизнестің кеңейтуге дайын екенін көріп отырмыз, әлі де қаражат салуға ниет етушілер бар. Мұның бәрі транзиттік жүк көлемін бірнеше есе арттыруға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Олжас Бектенов.



"AB Silk Way" телеграмм каналынан алынды


Пікір жазу
  • Балқаш көлін сақтау үшін Қазақстан Қытаймен келіссөз жүргізуде
    Қазақстан тек Қытайға ғана жылу бөлетін жинақтар экспорттайды

    Ұқсас тақырыптар