Қазақстан тек Қытайға ғана жылу бөлетін жинақтар экспорттайды. Бұл туралы Үлбі металлургиялық зауытынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жылу бөлетін жинақтар — экспорттық өнім. Ол CGN компаниясының қатысуымен тек Қытай Халық Республикасына ҚХР атом станцияларына жеткізіледі. 2022-2023 жылдары ҚХР-ға жылу бөлетін жинақтар 5 рет жеткізілді. Төмен байытылған уранға қайта есептегенде шамамен 150 тонна өнім жөнелтілді. Қытайдың атом электр станциясының реакторларына екі жылу бөлетін жинақтар жүктелді. Олар: Қытайдың оңтүстігіндегі „Янцзян“ және „Фанчэнган“ станциялары. 2024 жылдың шілде айының соңында жылу бөлетін жинақтардың барлығы 8 жеткізілімі жүзеге асырылды. Төмен байытылған уранға қайта есептегенде бұл 240 тоннаны құрайды», — делінген зауыттың ресми жауабында.
"AB Silk Way" телеграмм каналынан алынды.