Қазақстан мен Қытай Қытайға Қазақстан астығын экспорттау мәселелері бойынша талқылау өткізді
Қазақстанның ауылшаруашылығы минстрі А.Сапаров елімізге келген Қытайдың мемлекеттік дамыту мен реформалау комитетінің сауда агенттігінің басшысы Ваң Жиянжунді қабылдады.
Кездесу кезінде Сапаров ауылшаруашылығы саласының Қазақстан-Қытай экономикалық байланыстарының аса маңызды бөлігі екендігіне баса мән берді. Тиісті мәліметтер көрсеткеніндей, екі ел арасындағы ауылшаруашылығы саудасының көлемі 2023 жылы 1.3 млрд АҚШ долларын құрап, алдыңғы жылдағысынан 1.7% өсіпті. 2024 жылдың алдыңғы жартысында бұл көрсеткіштер тиісінше 648 млн$ және 12% болған. Мұның ішінде Қазақстанның Қытайға шығарғаны 480 млн$, қытайдан импорттағаны 188 млн$-ды құраған.
Сапаров “Қытайдың Қазақстанның ауылшаруашылық өнімдеріне, әсіресе астық өнімдеріне сұранысының ауқымды. Екі ел басшыларының келісіміне сәйкес астық өндірісі экспортын 2 млн тоннаға жеткізу көзделген. Біздің оны, тіпті 3 млн тоннаға дейін жеткізуге әлеуетіміз жетеді. Біз аталған бағытта екі жақты ынтымақтастықтың іске асуына барлық жағдайды жасауға дайынбыз” дейді. Ваң Жиянжун “Қазақстан қытайдың стратегиялық әріптесі және астық өнімімен басты қамдаушыларының бірі. Біз алатын астығымыздың көлемін анықтап-бекітумен бірге келісілген көлемнің уақытылы жеткізіліп отыруына мүдлеліміз” деп көрсетті. Тарартар бидай саудасы ынтымақтастығының келешегі және оны жеткізудің логистикалық мүмкіндіктерін талқылады. Айта кетерлігі, қазір екі мемлекет ара 28 түрлі қазақстандық ауыл және малшаруашылық өнімдерін қытай нарығына экспорттау келісілген.