Қазақстанға оралған қандастың көбі Қытайдан келді
2024 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша 10 134 этникалық қазақ тарихи отанына оралды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдерінің хабарлауынша, жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысына жуығы (47,5%) Қытайдан, 37% – Өзбекстаннан, 5,8% – Түрікменстаннан, 5,2% – Моңғолиядан, 3,2% – Рессейден және 1,3% басқа елдерден.
1 тамыздағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 31,3%-ды және зейнеткерлер 9,7%-ды құрайды.
Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды. Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.
"AB Silk Way" телеграмм каналынан алынды.