Биыл алғашқы қоңырау қай күні соғылады

Уақыты: 2024-08-25 Көрлімі: 55 Сипаттама

Еліміздің барлық мектептерінде білім күніне арналған салтанатты іс-шаралар 1 қыркүйек...

Еліміздің барлық мектептерінде білім күніне арналған салтанатты іс-шаралар 1 қыркүйекте өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

хабарлағандай, мектеп оқушыларына арналған жиын жексенбі, 1 қыркүйекте өтеді.

«Білім күніне арналған салтанатты іс-шара еліміздің барлық өңірінде дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте өтеді», делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2024-2025 жаңа оқу жылында 345 мың бірінші сынып оқушысы алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды.

«1 қыркүйекте «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында салтанатты іс-шара өтеді. 2 қыркүйекте – жаңа оқу жылының бірінші күні – «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында Бірыңғай сынып сағатымен басталып, әрі қарай сабақ кестесіне сәйкес жалғасады», деп нақтылады министрлік.

Автор:Қырмызы Жұмағалиқызы

Egemen.kz сайтынан алынды.

Пікір жазу
  • Қытай «Чжунсин-4А» спутнигін ұшырды
    Астанада Қытай тауарларының 19-шы көрмесі басталды

    Ұқсас тақырыптар