Астанада Қытай тауарларының 19-шы көрмесі басталды
Мұндай көрме елордада алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Онда ауылшаруашылық машиналары, металл бұйымдары мен құрылыс материалдары, тоқыма және жеңіл өнеркәсіп, тұрмыстық техника мен электроника және т.б. қоса алғанда, әртүрлі үлгідегі өнімдер қойылған.
Көрме аумағы 5000 шаршы метр. Оған қытайлық Цзянсу, Чжэцзян, Фуцзян, Шаньдун, Хэнань, Шэньси, Синьцзян және басқа да провинциялар, автономиялық аудандар мен муниципалитеттерден 230-ға жуық кәсіпорын тіркелген.
"AB Silk Way" телеграмм каналынан алынды.