Биыл 351 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады
Оның 70 пайызға жуығы мемлекеттік тілде білім алуға өтініш берген. Бұл туралы Оқу ағарту министрлігі хабарлады.
Ведомства мәліметінше, алғаш партаға отыратындар Түркістан, Алматы облыстары мен Астанада көп. Ал ел бойынша оқушылардың жалпы саны 3 миллион 900 мыңнан асады. Оның 220 мыңға жуығы 11 сынып оқушылары.
"qazaqstan.tv" телеграмм каналынан алынды.