Биыл Қытай мен Қазақстан арасындағы тауар импорты мен экспорты 25,5 млрд долларға жетті – елші
Қытайдың әлемдік экономикалық өсуге қосқан үлесі 11 жыл қатарынан 30% - дан жоғары және оның әлемдік экономикалық өсудің ең үлкен қозғалтқышы ретіндегі мәртебесі өзгермейді. Бұл туралы ҚХР-ның ҚР-дағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қытай 140-тан астам ел мен аймақтардың ірі сауда серіктесі болды. Қытай өзара тиімді ынтымақтастықты, ашықтық пен инклюзивтілікті ұстануға, сондай-ақ бүкіл әлем елдерінің игілігі үшін өзінің дамуын жақсартуға ұмтылуға дайын. Қытай мен Қазақстан ортақ тағдыры бар достық көршілер. Осы жылдың шілде айында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келіп, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Астана саммитіне қатысып, Қытай мен Қазақстан арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікті, сондай-ақ түрлі салалардағы ынтымақтастықты дамытудың жаңа жоспарын белгіледі», - дейді ол.
Осы жылдың басынан бері Қытай-Қазақстан саудасы қарқынды өсу қарқынын сақтап қалған.
«Қытайдың кеден қызметінің статистикасына сәйкес, 2024 жылғы қаңтар мен шілде аралығында Қытай мен Қазақстан арасындағы тауарлардың импорты мен экспортының жалпы көлемі 25,5 млрд АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17 пайызға өсті.Қытай мен Қазақстан арасындағы «Бір белдеу - бір жол» бірлескен құрылысы жалғасын тауып, әртүрлі салалардағы практикалық ынтымақтастықта жаңа елеулі табыстарға қол жеткізуді жалғастырып жатыр. Қытай-Қазақстан қатынастары жаңа «алтын отыз жылдыққа» еніп, дамудың жаңа тарихи мүмкіндіктеріне ие болды», - деп түйіндеді Чжан Сяо.
"AB Silk Way" телеграмм канадынан алынды.