Президент: Қазақстан қоғамында да, билігінде де ешқандай «фобия» жоқ

Уақыты: 2024-09-02 Көрлімі: 51 Сипаттама

Қазақстанда тіліне, дініне, ұлтына, әлеуметтік жағдайына және басқа да себептерге байл...

Қазақстанда тіліне, дініне, ұлтына, әлеуметтік жағдайына және басқа да себептерге байланысты ешкімге ешқандай қысым жасалмайды, жасалуы да мүмкін емес. Халыққа Жолдауында Мемлекет басшысы азаматтарды арандатушылық әрекеттерден биік тұруға шақырды.

«Әрине, мұндай жайттар ара-тұра кездеседі. Бірақ бұл көбіне жекелеген адамдардың сауатсыздығы мен жауапсыздығынан болып жатады. Құқық қорғау органдары әрдайым заң арқылы мұндай оқиғалардың жолын кеседі.

Бұған қоса, бізге белгілі кейбір теріс пиғылды адамдар, оның ішінде шетелде жүргендер де бар, мәселені ушықтыру арқылы қоғамдық пікірге ықпал еткісі келеді. Қазақстанның қоғамында да, билігінде де ешқандай «фобия» бұған дейін болған емес, қазір де жоқ, болашақта да болмайды. Сондықтан ақша үшін ел ішіне іріткі салуды көздейтін мұндай жымысқы әрекеттерден түк шықпайтыны анық»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



qazaqstantv телеграм каналынан 




Пікір жазу
  • Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтің Қазақстан халқына жолдауы
    Қытайда жеке бизнес ірі жобаларға 5 триллион юаньнан астам инвестиция салған

    Ұқсас тақырыптар