Жыл басынан бері елде жеке компаниялар қаржыландырған 3556 жоба жүзеге асырылды. Инвестициялардың жалпы көлемі 5,08 трлн юанды құрады, деп хабарлады Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік даму және реформа комитеті.
Ведомствода биылғы жылы Қытай билігі бірқатар салаларға жеке инвестицияларды ынталандыру бойынша кешенді шаралар қабылдағанын атап өтті. Оның ішінде көлік, су ресурстарын басқару және энергетика сияқты сегіз бағыт бойынша 400 негізгі жобаның тізімі бар. Олар 816 миллиард юаньға жуық инвестицияны қажет етеді.
Бұл жобаларды жедел ілгерілету үшін елде жеке инвестициялық қорларды ынталандыру тетігі, сондай-ақ жерді пайдалану, теңіз ресурстарын пайдалану және қаржыландыру салаларында қолдау жүйесі құрылды.
✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм каналынан