Олжас Бектенов: Мемлекет басшысының Жолдауы – Үкімет пен бүкіл Қазақстан қоғамы үшін стратегиялық ба

Уақыты: 2024-09-03 Көрлімі: 35 Сипаттама

Үкімет отырысы барысында Премьер-Министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Жолдауы Ү...

IMG_4284.jpeg

Үкімет отырысы барысында Премьер-Министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Жолдауы Үкімет пен бүкіл Қазақстан қоғамы үшін стратегиялық бағдар болып саналатынын атап өтті.

«Жолдау бізге таяу мерзімге арналған мақсат-міндеттермен қатар нысаналы көрсеткіштері және индикаторлары белгІленген нақты іс-қимыл алгоритмін айқындап берді. Әрбір тармақтың орындалуы қатаң бақылауда болады. Бұл ретте қорытынды нәтижеге, оның экономикаға тиімдіЛігіне баса назар аударылады. Азаматтардың табыс деңгейін арттыру Үкімет жұмысының өзгермейтін басты мақсаты. Кәсіпкерлікті дамыту, халықты жұмыспен қамту үшін қолайлы жағдайлар жасау және мемлекеттік бюджетті ұтымды бөлу айтарлықтай экономикалық өрлеуге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл ретте Мемлекет басшысы атап өткендей, “Экономика өскен сайын әлеуметтік теңсіздік азайып, орта тап күшейе түсуі керек”», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

???? Президент экономиканың нақты секторын дамытуға ерекше тоқталып өтті. Бұл өнеркәсіп, энергетика, газ саласы, көлік кешені, экология және цифрландыру мәселелерін қамтиды. Премьер-Министр  Президенттің тапсырмаларын іске асыру мақсатында бірқатар міндет белгіледі.

«Мемлекет басшысы терең өңдеу кластерлерін құру жөніндегі әрбір ірі жоба бойынша өз шикізатымыз бен құрал-жабдықтарымызды барынша пайдалану маңызды екенін атап өтті. Осыған байланысты, Экономика министрлігі салалық мемлекеттік органдармен бірге отандық өндірушілерді қолдау мәселелерін белсенді жүргізіп, сабақтас өндірістер құруы қажет. Сондай-ақ кластерлік жүйені дамытуды ескере отырып, әрбір жобаны іске асырудың нақты жоспарларын жаңартуы керек. Автомобиль өнеркәсібі бойынша Өнеркәсіп министрлігіне өндірістерді локализациялау деңгейін белсенді арттыруды тапсырамын», — деп атап өтті Премьер-Министр.

???? https://t.me/KZgovernment


Пікір жазу
  • Қазақстанда «111» байланыс желісі іске қосылады
    Премьер-Министр: ЖИ технологиялары «электронды үкімет» платформасына енгізілуі тиіс

    Ұқсас тақырыптар