Премьер-Министр: ЖИ технологиялары «электронды үкімет» платформасына енгізілуі тиіс

Уақыты: 2024-09-03 Көрлімі: 36 Сипаттама

Премьер-Министр Олжас Бектенов жасанды интеллектіні дамыту бойынша бірқатар міндетті...

IMG_4284.jpeg

Премьер-Министр Олжас Бектенов жасанды интеллектіні дамыту бойынша бірқатар міндетті белгіледі.

«Жолдауда цифрландыру және жасанды интеллектті енгізу мәселелеріне көп көңіл бөлінді. Жасанды интеллект технологияларын «электронды үкімет» платформасына имплементациялауды биылдан бастау қажет. Осы жылғы желтоқсанда жұмыстың алғашқы нәтижелерін қорытындылауға тиіспіз.

Сондай-ақ 2025 жылы Ұлттық жасанды интеллект орталығын іске қосу және Каспий теңізі арқылы талшықты-оптикалық байланыс желілерін жүргізу жұмысын аяқтау тапсырылды», — деп қорытындылады сөзін Үкімет басшысы. 

Цифрлық даму министрлігі бір ай мерзімде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, нақты іс-шаралар мен жауапты орындаушылар көрсетілген тиісті іс-қимыл жоспарларын әзірлеп, бекіту тапсырылды.

Жаңа дата-орталықтардың құрылысын аяқтау жұмысын жеделдету және телекоммуникациялық желі ресурстарын белсенді іске қосу маңызды екені атап өтілді.


 https://t.me/KZgovernment телеграм каналынан



Пікір жазу
  • Олжас Бектенов: Мемлекет басшысының Жолдауы – Үкімет пен бүкіл Қазақстан қоғамы үшін стратегиялық ба
    Қытай виза рәсімдеуді жеңілдетеді

    Ұқсас тақырыптар