«Қабылданып жатқан шаралардың барлығы дәйекті түрде әрі мемлекеттік органдар мен экономика секторлары арасында үйлесімді іске асырылуға тиіс. Өзара іс-қимылдың теңгерімді тетігі ғана тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Барлық министрліктер заң жобаларын сапалы пысықтау үшін Парламент депутаттарымен тығыз байланыста жұмысты күшейтулері қажет.
Біздің әрбір қадамымыз ортақ нәтижеге – халқымыз бен еліміздің әл-ауқатына бағытталуға тиіс. Президент Жолдауының жүзеге асырылу нәтижесін қазақстандық әрбір азамат сезінуі керек», — деп атап өтті Премьер-Министр.
Олжас Бектенов Ұлттық экономика министрлігіне Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспар жобасын тез арада Үкіметтің қарауына енгізуді тапсырды.
???? https://t.me/KZgovernment телеграм каналынан