Кәсіпкер Вероника Нұрпейісованың айтуынша, жаңа Салық кодексінің жобасы кәсіпкерлер үшін тиімсіз. Мәселен, жылдық табысы 500 млннан – 2 млрд теңгеден асқандар «жеке кәсіпкер» ретінде 10 пайыз, ал заңды тұлға ретінде тіркелсе 20 пайыз салық төлеуге міндетті. Бұл талап кәсіпкерді тығырыққа тіреу деп санайды.
Ал Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров Жаңа салық кодексі түсініксіз жазылған, қарапайым адам ол заңды түсінбейді дейді. Сондықтан, түсінікті құжат керек екенін атап өтті.
Айта кетейік, жаңа Салық кодексі 2026 жылдан бастап қолданысқа енеді. Бұл жөнінде бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі мәлім етті.
@qazaqstantv телеграм каналынан