2024 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанда электр энергиясын есептегіштер (калибрленгендерді қоса алғанда) өндірісінің айтарлықтай өскені байқалды.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өндіріс көлемі 21% өсіп, 198,5 мың дана есептегіш құрал жасалды, деп хабарлайды ұлттық статбюро.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында электр энергиясы, сондай-ақ газ және сұйықтық есептегіштері Беларус, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Германия, БАӘ, Қытай, Грузия, Моңғолия және Түркияға экспортталды.
Экспортталған өнімнің жалпы құны — 879,4 мың АҚШ доллары.
t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм каналынан