Қытай инвесторы Қазақстандағы астық жобаларын қаржыландырады
Қытайлық "Сиан Айджу" корпорациясы агроөнеркәсіптік кластерді дамытуға бағытталған нысандардың құрылысына 6,8 млрд теңге инвестиция салды. Жобалар Солтүстік Қазақстан облысында салынып жатыр, деп жазады sputnik.kz.
2016 жылдан бері осы жоба аясында "Тайынша-Май" ЖШС майлы дақылдарды өңдеу зауыты жылына 300 мың тонна өңдеу қуатымен табысты жұмыс істеп келеді. Зауытта 70-тен астам адам жұмыс істейді.
Кластерді дамыту аясында тәулігіне 300 тонна ұн шығаратын диірмен салынып жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, корпорацияның жоспарында Солтүстік Қазақстанда қуаттылығы тәулігіне 1 мың тонна өнім шығаратын жем зауытының құрылысы бар. Сондай-ақ сыйымдылығы 50 мың тонналық астық қоймасын салу жоспарланған.
t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм каналынан