Орталық Азиядағы ең қуатты әскер қай елге тиесілі

Уақыты: 2024-09-06 Көрлімі: 44 Сипаттама

Әлем елдерінің әскери әлеуетін бағамдайтын Global Firepower (GFP) рейтингі биыл 145 елдің ішінде...

  Әлем елдерінің әскери әлеуетін бағамдайтын Global Firepower (GFP) рейтингі биыл 145 елдің ішінде қай мемлекеттердің армиясы нығайғанын анықтады. Қазақстан бұл көрсеткіште 5 сатыға көтерілген, деп жазады Egemen.kz.

  

   Global Firepower рейтинг реттілігін белгілеуде елдің әскер саны, әскери техникасы, экономикалық тұрақтылығы, ресурстарға қолжетімділігі мен стратегиялық географиялық орналасуы сияқты 60-тан аса көрсеткіштерге көңіл бөлген. 

2024 жылғы Global Firepower көшін АҚШ армиясы бастаған. АҚШ әскерінің құрамасында 92 эскадра­лық минатасушы, 11 авиатасымалдағыш бар. Ал жалпы бюджеті 886 миллиард долларды құраған.

Екінші орынға Ресей Федерациясы тұрақтасы, әскер қуаты тұрғысынан үштікті Қытай Халық Республикасы түйіндеген. 

Төртінші орынға арнайы бағдарлама аясында әскери техникаларын жаңғыртқан Үндістан жайғасқан. Үздік бестікке дамыған әскери-теңіз флоты мен заманауи авиациясы қауқарлы Оңтүстік Корея іліккен.

    Ал Қазақстан жалпы көрсеткіш бойынша 58-орынға табан тіреген. Бұл былтырғы рейтингтен 5 сатыға жоғары. Рейтингте жоғары көтерілуімізге қарулы күштеріміз қатарында дүр­кіндетіп ататын реактивті жүйелер (ДАРЖ) мен өздігінен жүретін артиллерияны көбейтіп, әскери техникамызды белсенді түрде жаңғыртып жатқанымыз себеп болған. Осындай жетістіктерімен мемлекетіміз Орталық Азияда армиясы ең мықты ел ретінде танылды. Орталық Азияда бізден кейін­гі екін­ші орында Өзбекстан­ның қарулы күш­тері тұр, жалпы сатыдан оңтүстіктегі көршіміз 65 орыннан көрінген. 

   Түрікменстан халықаралық әс­кери альянс­тар­дан оқшауланған мемлекет болғандықтан, аталған рейтингте 145 елдің ішінен 86-орын иеленген. Орталық Азияның экономика­лық даму тұрғысынан соңғы 4 және 5-орындарда тұрған Қырғызстан мен Тәжікстан GFP рейтингінде сәйкесінше 94 және 107-орында тұр.

Қазіргі таңда әскери қақтығыс жүріп жатқан Украина әскері рейтингте нешінші орында екенін газетіміздің бүгінгі санында жарияланған Ескіндір Зұлқарнайдың «Әскери әлеует: бес сатыға жоғарылады» мақаласынан біле аласыз.

  



Дана Мырзақыдір

egemen.kz сацтынан алынды

Пікір жазу
  • Олжас Бектенов Ақмола облысының жылу беру маусымына дайындық барысын тексерді
    Дүние жүзілік көшпенділер ойынына АҚШ құрамасы келді

    Ұқсас тақырыптар