V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы қазақ күресі жарысының екінші күнгі нәтижесі
Қазақ күресінен ел құрамасы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын 14 медальмен аяқтады. 16 салмақ дәрежесі бойынша балуандар бәсекесінде Қазақстан құрамасы 12 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды.
Алғашқы жарыс күнінде бозкілемге шыққан 8 балуанның барлығы да жеңіс тұғырынан көрінсе, жерлестеріміз екінші күні 4 алтын, 1 күміс, 2 қолаға ие болды.
Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қазақ күресінен 41 елден келген 274 спортшы қатысты.
@qazaqstantv телеграм арнасынан