Мәжіліс комитеттері жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады:
– «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
– БҰҰ бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын Қазақстан Үкіметі мен БҰҰ арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы;
– Қазақстан мен Франция үкіметтері арасындағы Қазақстанда Француз даму агенттігі тобының жұмыс істеуі туралы келісімді ратификациялау туралы;
– Қазақстан Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы;
– 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартқа одаққа мүше мемлекеттер арасында кедендік әкелу баждарының сомаларын аударуға қатысты бөлікте өзгерістер енгізу жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы;
t.me/mazhilis_kz телеграм арнасынан